Тараз қаласында қалалық инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қаланың әр ауданында жол желісін жақсарту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған жобалар іске асырылуда, деп хабарлайды

Әулиеата ауданында 48 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар Бектөбе және Қызыл шарық тұрғын алқаптарында, Ұлы дала шағынауданының аулаларында және Ш. Жандарбеков көшесінде жаяу жүргіншілер жолын салу көзделген. Бұған қоса, Көшеней, Сенкібай, Сыпатай батыр, Көшеней көшесінің 6-переулогы, Сухамбаев көшесі және №23 мектеп маңында тротуарлар салу жоспарлануда. Сондай-ақ жол белгілерін орнату, автобус аялдамаларын қою және бірқатар көшелерде су құбырларын жаңарту жұмыстары қарастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.