Жамбыл облысы Бектөбе алқабында орналасқан Амангелді Иманов атындағы орта мектеп қабырғасында ерекше рухани кездесу өтті. Бұл жиын – туған жерге оралып, өткенін еске алып, жас ұрпақпен ой бөліскен танымал жазушы, журналист әрі қоғам қайраткері Қуат Борашпен болған тағылымды сұхбат алаңы болды, деп хабарлайды

Кездесу әсерлі әрі шынайы атмосферада өтті. Қонақты мектеп ұжымы, сыныптастары мен достары жылы қарсы алып, оқушылар оның өмір жолына қызығушылық танытты. Жазушы өз кезегінде балалық шағын еске алып, арман-мұраттары мен өмірлік таңдауы жайлы ой бөлісті. Әсіресе оқушылар қойған «Бала кездегі арманыңыз орындалды ма?» деген сауал көпшілікті терең ойға жетелеген ерекше сәт болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.