Ерназар ауылдық округі әкіміне кандидат Базарбек Елдос Қанатұлының сайлауалды бағдарламасы

Мен, Базарбек Елдос Қанатұлы, 1996 жылдың 24 сәуірінде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары.

2017 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтадым.

Еңбек жолымды 2017 жылдың қыркүйек айында Өрнек ауылдық округі әкімі аппаратында «Жастар тәжірибесі» бойынша уақытша жұмысшы болып бастадым. 2018 жылдың ақпан-сәуір айларында Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінде «Жастар тәжірибесі» бойынша уақытша жұмысшы, сәуір-тамыз айларында Жамбыл ауданы әкімдігі ветеринария бөлімінің іс-қағаздар жүргізуші маманы, 2018-2021 жылдары Жамбыл аудандық қазынашылық басқармасының төлемдерді алдын ала бақылау және өткізу тобының бас маман-бас қазынашысы, 2023-2024 жылдары Тоғызтарау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2024 жылдың мамыр-желтоқсан айларында Жамбыл ауданы әкімі аппараты персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы, 2024-2025 жылдары аудан әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқардым. 2025 жылдың 21 қазанынан бастап Өрнек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келемін.

Елді мекенді көркейту – басты мақсатым

Құрметті сайлаушылар!

Мен ең бірінші Қазақстан Республикасының Конституциясының талаптарына сәйкес жұмыс жүргізетін боламын.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған басымдықтар мен бағыттардың орындалуын қамтамасыз ете отырып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, ауыл экономикасын дамытуға келесі жұмыстарды атқаратын боламын:

– ауылдық округтің инфрақұрылымын одан ары дамыту;

– ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға ықпал ету үшін мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасап, шағын және орта бизнесті одан ары дамыту;

– балаларға арналған ойын алаңдарын жөндеуден өткізіп, заман талабына сай воркауттардың ашылуына қамтамасыз ету;

– ауыл шаруашылығын дамыту;

– ауылдық округтің санитарлық тазалығын ретке келтіріп, абаттандыру жұмыстарын жүргізу;

– ағынсу мәселесін ретке келтіру.

Біз үшін ауыл әрқашан басымдық пен құрметке ие. Ауылымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосуыма мүмкіншілік беріп, маған дауыс беруге шақырамын.

Біз – бақуатты, дамыған ауылмен қуатты мемлекет қалыптастырамыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.