Ерназар ауылдық округі әкіміне кандидат Сәдір Нұрсейіт Әсетұлының сайлауалды бағдарламасы

Мен, Сәдір Нұрсейіт Әсетұлы, 1997 жылы 25 тамызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.

2019 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтадым.

Еңбек жолымды 2019 жылдың қазанында Ерназар ауылдық округі әкімі аппаратында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша уақытша жұмысшы болып бастадым. 2022-2024 жылдары Ерназар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы қызметтерін атқардым. 2024 жылданаудан әкімінің бас инспекторы қызметін атқарып келемін.

«Amanat» партиясының мүшесімін.

Отбасында 2 бала өсіріп, тәрбиелеудемін.

Ауылдың әлеуетін арттырамын

Мен Ерназар ауылында туып-өстім. Еңбек жолымды өз ауылымнан бастап, 2 жылға жуық қызмет атқардым. Ауылдың тыныс-тіршілігімен, жай-күйімен, ауқымды және ұсақ-түйек мәселелерімен етене таныспын. Сол үшін де менің сайлауалды бағдарламам ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге және дамытуға бағытталған.

Өз сайлаушыларыма төмендегідей сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:

– ауылдық округтің экономикасын дамыту, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту;

тазалық және абаттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу;

ауылішілік көшелерді түнгі жарықтандыру;

– ауылдық округке ірі кәсіпкерлер мен инвесторларды тарта отырып, жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздық деңгейін азайту;

– ауылішілік көшелерге ағымды жөндеу;

– ескірген электр бағаналарын ауыстыру;

– «Сұлукөл» су қоймасы арқылы егістік алқаптарға су беру жұмыстарын үйлестіру;

– шаруалардың су үнемдеу технологиясын іске асыруына ықпал ету;

– «Amanat» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында округ тұрғындарының жеңілдетілген 2,5 пайыздық микрокредиттер алуына ықпал ету;

– партияның «Жер аманаты» жобасы аясында халықтың егін және мал жайылымы мәселесін шешу;

бюджеттен қаражаттың бөлінуіне ықпал ету;

– жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін толықтыруға үлесімдіқосатын боламын.

Құрметті ауыл тұрғындары!

Бәрімізге ортақ мақсат – ауылымызды көркейту, тұрмысымызды жақсарту, болашағымызды нық ету. Бұл жолда әрқайсыңыздың қолдауыңыз, дауысыңыз маңызды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.