Мен, Ыбышев Дулат Бахытұлы, 1994 жылы 21 шілдеде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Тастөбе ауылында дүниеге келдім.Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.
2016 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2016 жылдың тамыз айында Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын үй—коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып бастадым. 2020-2021 жылдары Шу ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі, 2022-2023 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігі «Аса-су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының инженері, 2023-2025 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің статисі қызметін атқардым. 2025 жылдың 2 қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келемін.
Отбасымда 3 бала өсіріп, тәрбиелеудемін.
Алға қойған мақсатым айқын
Әкім болу – округ тұрғындарымен тығыз қарым-қатынасорнатып, олардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюі жолында адал қызмет ету. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибемді пайдалана отырып, алдағы төрт жылда төмендегі жұмыстарға баса назар аударамын:
– халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстау;
– округ тұрғындары мен ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорт саласын дамыту;
– аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмау, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектермен қамтамасыз ету;
– аумақтың санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыру;
– округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, ауылдың мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастыру;
– тозығы жеткен электр бағаналарын алмастыру;
– ауыл көшелерін ретке келтіру, ескірген асфальт жабындыларын ағымды жөндеу, жол белгілерін орнату жұмыстарына басымдық беремін.
Қымбатты ауыл тұрғындары! Алдағы уақытта осы және өзге де ауқымды жобаларды бірге атқаруға шақырамын.