Қазіргі уақытта елімізде жіті респираторлық вирустық инфекциялар – яғни әртүрлі вирус топтары қоздыратын ЖРВИ-дің маусымдық көбеюі байқалуда. ЖРВИ – кең таралған, жыл бойы айналымда жүретін, алайда әсіресе суық маусымда белсенді арта түсетін инфекциялар тобы. ЖРВИ қоздырғыштары 200-ден астам вирус түрін қамтиды және олардың мутацияға бейімділігі жоғары.
Сондықтан халықты қорғау мақсатында мына нақты санитариялық-эпидемиологиялық шараларды атап өтемін:
1. Қоршаған ортаны басқару және үй-жайлардағы қауіпсіздік
— Барлық қоғамдық ғимараттарда, білім беру ұйымдарында және жұмыс орындарында желдету режимі күшейтілуі тиіс.
— Табиғи және механикалық желдетуді біріктіріп қолданған тиімді: терезе ашу, ауа алмастыру жүйесін іске қосу.
— Бөлмелерде тәулігіне кемінде 2–3 рет ылғалды тазалау, жиһаз бен беттерді дезинфекциялау маңызды.
2. Жеке гигиена – инфекцияның таралуынтежейтін негізгі құрал
— Қолды ағын сумен және сабынмен 20–40 секундтан күні бойына 8–10 рет жуу ұсынылады, жуу – вирус бөлшектерін 80%-дан астамға дейінжояды.
— Қолды, әсіресе: қоғамдық көлік қолданғаннанкейін, ақша ұстағаннан кейін, мектеп/офискекіргенде, тамақтанар алдында міндетті түрде жуу.
— Антисептик (кемінде 60% спирт) қолжетімдіжерде болуы тиіс.
3. Тыныс алу мәдениетін қалыптастыру
— Жөтелгенде немесе түшкіргенде шынтақ ішкі бөлігімен жабу – вирус таралуын бірнеше есе азайтады.
— Бір реттік сулықты пайдалану және оны қолданған соң дереу жою қажет.
— Адамдар көп жиналатын жабық орындарда тыныс алу этикасын сақтау – балалар мен қарттар арасында жұқтыруды төмендетеді.
4. Иммундық жүйені күшейту – ЖРВИ-ге төзімділіктің негізі
— Ұйқы режимін сақтау (тәулігіне 7–9 сағат).
— Дұрыс тамақтану: С, D дәруменіне бай өнімдер, ақуыздар, антиоксиданттар.
— Таза ауада күніне кемінде 30–40 минут жүріп тұру.
— Үй ішінің ылғалдылығы 40–60% деңгейінде болуы керек.
— Су ішу тәртібі – күніне 1,5–2 литр.
5. Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда әрекет ету
— Температура көтерілсе, тамақ ауырып, мұрын бітелсе немесе әлсіздік байқалса – жұмысқа және оқуға баруға болмайды.
— Медицина қызметкеріне жүгіну ұсынылады.
6. Балалар, қарттар және иммунитеті төмен топтарға қойылатын талаптар
— ЖРВИ-ді ең жиі жұқтыратын – балалар, ал ең ауыр өтетін – қарт адамдар.
— Бала-бақшалар мен оқу орындарында желдету,кварцтау, дезинфекция шаралары күнделікті орындалуы тиіс.
— Иммунитеті әлсіз азаматтарға (созылмалы аурулары барлар) сақтану шараларын екі есе орындау қажет.
Жіті респираторлық вирустық инфекциялардыңкең таралу кезеңінде әрқайсымыздың жеке жауапкершілігіміз ерекше маңызды. Аурудың алдын алу – оның емделуінен әлдеқайда тиімді әрі қауіпсіз