Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 85 бабының 3-тармағының 2-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының бұйрығы бойынша елімізде 2026 жылғы сәуірдің 19-ы мен 25-і аралығында Еуропалық иммундау апталығы «Вакциналар барлық ұрпаққа жұмыс жасайды!» ұранымен өткізілуде. 2026 жылғы Еуропалық иммундау апталығының мақсаты – вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің маңыздылығын атап өту, бұл әр адам үшін ұзақ және салауатты өмір салтын қамтамасыз етуге ықпал ететіндігін хабарлау болып табылады. 2026 жылғы Еуропалық иммундау апталығының іс-шаралары мынадай міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады. Вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдардың денсаулығын ұжымдық иммунитет көмегі арқылы қорғау үшін вакциналар әрекет ететіні туралы хабардар болуды арттыру, жасөспірімдерге, ата-аналарға және денсаулық саласындағы мамандарға вакцинациялау пайдасына иммундау жөніндегі дәлелді ақпарат негізінде саналы таңдау жасау қажеттігі туралы еске салу және ғылыми негізделген ақпаратты тарату қажет. Әрбір ата-аналар олардың отбасы мүшелерінің, өздерін қорғау үшін де, басқа адамдарды да қорғау үшін уақытылы иммундаудан өтудің, яғни жалпы жауапкершіліктің маңыздылығы туралы хабардар етуіміз қажет. Қазақстан Республикасында вакциналар толығымен мемлекеттің қаржыландыруымен өткізіледі. Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жоспарлы екпелерден басқа эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілетін екпелер де ақысыз егіледі. Осы аптада жоспарлы екпелердің өмір бойы денсаулық пен әл-аухатқа қосқан үлесі атап өтіледі, сонымен қатар өмірлік маңызды құрал ретінде адам папиллома вирусына қарсы, қызылшаға, көкжөтелге қарсы екпе егуге назар аударылуы қажет, бұл бізге жұқпалы аурулардың алдын алуға көмектеседі. Вакциналар барлық уақытта ең тиімді қорғаушы құралдардың бірі болып табылады. Олар ұрпақты көптеген жұқпалы аурулардан қорғауға көмектеседі.
Иммундау апталығында өз балаңызды және өзіңізді екпемен басқарылатын инфекциялардан қорғаңыз.
Жамбыл аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы басшысы Ғ.Ә.Әбділда