Әр жылдың 28 шілдесінде бүкіл әлемде Дүниежүзілік вирусты
гепатиттермен күрес күні атап өтіледі. Мақсат – халық арасында гепатиттің
алдын алу, ерте анықтау және емдеу жөнінде ақпараттандыруды арттыру.
Вирусты гепатиттер – бауырды зақымдайтын, көбіне ұзақ уақыт бойы
белгілерсіз өтетін қауіпті инфекциялық аурулар тобы. Гепатиттің ауыр
асқынуларына бауыр циррозы және бауыр обыры жатады.
Негізгі түрлері мен жұғу жолдары:
1. Гепатит A, E – көбіне ластанған су немесе тағам арқылы таралады.
2. Гепатит B, C, D – қан және биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғады
(инъекция, қан құю, қорғалмаған жыныстық қатынас, босану кезінде анадан
балаға).
Гепатитпен күресте алдын алу – басты құрал.
1. Вакцинация – гепатит B-ге қарсы тиімді вакцина бар, ол өмір бойы
қорғаныс береді.
2. Қауіпсіз медициналық практика – стерильді құралдарды пайдалану, қанды
тексеру.
3. Салауатты өмір салты –есірткі инъекциясын қолданбау.
4. Су мен тағам гигиенасы – гепатит A мен E-ден сақтанудың негізі.
Ерте анықтау – өмірді сақтайды. Көптеген адамдар гепатит вирусын
жұқтырғанын білмейді, себебі ауру ұзақ уақыт бойы белгілерсіз өтеді.
Сондықтан қауіп тобына кіретіндер (медицина қызметкерлері, қан
құйылғандар, көп татуаж/пирсинг жасағандар, есірткі қолданғандар) тұрақты
түрде тексеруден өтуі тиіс. Ерте анықтау – асқынулардың алдын алып,
толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік вирусты гепатиттермен күрес күні – тек бір күндік іс-
шара емес, ол жыл бойы жүргізілуі тиіс профилактикалық, ағартушылық
және диагностикалық жұмыстардың бір бөлігі. Әр азамат өз денсаулығына
жауапкершілікпен қарап, тексеруден уақытында өтіп, алдын алу шараларын
ұстануы – қоғамдағы гепатитпен күрестің ең мықты қаруы.
Дата: 13.08.2025 12:33. Копия электронного документа. Версия СЭД: Documentolog 7.22.2. Положительный результат проверки ЭЦП
Жамбыл аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
эпидемиологиялық бақылау
бөлімінің басшысы
Құттыбай Айнұр Бауыржанқызы