Қотыр, жұқпалы тері және бит-сірке ауруларының алдын алу

 

Қотыр, жұқпалы тері аурулары және бит-сірке (педикулез) – қоғамда жиі

кездесетін, адам денсаулығына елеулі зиян келтіретін жұқпалы дерттердің бірі.

Бұл аурулар кез келген жастағы адамдар арасында таралуы мүмкін және

уақытылы шаралар қолданылмаса, қауіпті асқынуларға алып келеді.

Қотырды қотыр кенесі тудырады. Ол адамның терісіне еніп, қатты қышу,

бөртпе, ұйқының бұзылуы сияқты белгілермен байқалады.

Жұғу жолдары: науқас адаммен тығыз қарым-қатынас, ортақ төсек-орын,

киім-кешек, сүлгі пайдалану.

Алдын алу шаралары: жеке бас гигиенасын сақтау, төсек-орынды жиі

ауыстыру, қайнатып жуу,науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарды дер

кезінде дәрігерге қарату.

Жұқпалы тері аурулары: Оған терінің іріңді қабынулары (фурункул,

импетиго), саңырауқұлақ аурулары және т.б. жатады. Бұл аурулар дер кезінде

емделмесе, тері тінін зақымдап, созылмалы түрге айналуы мүмкін.

Алдын алу шаралары: денені таза ұстау, қолды жиі жуу, жарақаттарды

уақытылы өңдеп, таңғыш салу, жеке тазалық құралдарын (сүлгі, тарақ, т.б.)

ортақ пайдаланбау, иммунитетті күшейту (дұрыс тамақтану, спортпен

шұғылдану).

Бит және сірке (педикулез) . Бит – қан сорғыш паразит, ол көбінесе бастың

шаш арасына орналасады. Сірке – биттің жұмыртқасы. Педикулез қатты қышу

тудырып, теріні жарақаттайды, қайталама инфекциялар түсіруі мүмкін.

Жұғу жолдары: науқаспен тікелей қарым-қатынас, ортақ тарақ, бас киім,

төсек-орын, киім қолдану.

Алдын алу шаралары: балалардың шашын үнемі тексеріп отыру, жеке бас

гигиенасын сақтау, арнайы дезинсекциялық құралдармен битті жою, киім-

кешек пен төсек-орынды ыстық сумен жуу, үтіктеу.

Әрбір азамат өзінің және балаларының денсаулығына жауапкершілікпен

қарауы тиіс. Қотыр, жұқпалы тері аурулары және бит-сірке инфекцияларының

алдын алудың ең тиімді жолы – жеке бас гигиенасын сақтау, санитариялық

талаптарды орындау және күдікті жағдайларда дер кезінде дәрігерге қаралу.

Салауатты әдеттерді қалыптастырып, тазалықты сақтай отырып, біз қауіпті

аурулардың алдын аламыз!

Жамбыл аудандық

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы Әбділда Ғабит Әлімұлы

Leave A Reply

Your email address will not be published.