Сапалы ауыз су – денсаулық кепілі

     

Ауыз су – сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауыз су және шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына арналған табиғи күйдегі немесе өңделгеннен кейінгі су.

Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады.  Қазіргі таңда әлемдегі әрбір үшінші адам суға деген қажеттілігін қажетті деңгейде пайдалана алмай отыр.

Адам санының өсуіне, ауыл шаруашылығына қатысты суға деген сұраныстың артуына байланысты бұл мәселе күннен-күнге тереңдей түсуде. Су тапшылығының адам денсаулығына, күнделікті тұрмыс тіршілігіне және халықаралық қатынастардың  дамуына әсері бар. Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. Елімізде 20 пайыз адам таза ауыз суға тапшы болып отыр. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Сапасыз судың салдарынан адамдар әртүрлі жіті ішек инфекциялары, іш сүзегі, паразитарлық аурулар, гепатиттер сияқты тағы басқа жұқпалы аурулар таралып, эпидемиялық ахуал     нашарлауы мүмкін.

Сонымен қатар, ауыз су көздері химиялық заттармен ластанып, олардың ауыз су құрамында көп мөлшерде болуы иммунитеттің төмендеуі, жүрек, бүйрек, бауыр, асқазан-ішек жолдарының ауруларына, аллергиялық ауруларға, тағы басқаға әкеліп соқтыруы мүмкін. Осылайша, ауыз су сапасының нашарлауы аудан халқының денсаулығына елеулі зиян келуі ықтимал.

Сапалы таза ауыз судың – адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Күнделікті тұтынуда орталықтаңдырылған су жүйесінен келетін суды пайдалану қажет. Өйткені орталықтандырылған су жүйесінен келетін судың сапасы әрдайым тексеруден өтіп, бақылауда болады. Егер орталықтандырылған су болмаған жағдайда құдықтан, жергілікті су көздерінен алатын суды қайнатып немесе фильтрден өткізіп ішу керек.

                                                                                Әбділда Ғабит Әлімұлы

                               Жамбыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

                                                               бақылау басқармасының басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.