«Отан қорғаушылар күні» мен Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Оңтүстік аймағының әскери прокуроры, әділет полковнигі Ермекбаев Сакен Бакытбаевич, сондай-ақ прокуратура органдарының ардагерлері Ерлан Нургалиевич Сатыбалдиев, Сагимбеков Маратбек Мухтарбекович, Кулумбет Садуакасович Абдикулов қатысып, мерзімді әскери қызметшілермен «Сарбазға прокурорлық кеңес» атты мазмұнды кездесу өткізді.
