Облыста жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Күн, жел және су энергетикасын тиімді пайдалану арқылы «Жасыл экономика» қағидаттарын енгізу өңірдің инвестициялық әлеуетін арттырып, экологиялық қауіпсіз дамуға жол ашып отыр.
Облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовнің айтуынша, республика көлемінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту аясында 100-ге жуық жоба жүзеге асырылған. Өңір бұл бағытта еліміздегі алдыңғы қатарлы аймақтардың бірі саналады.
Қазіргі таңда республикада жалпы қуаты 3032,12 мегаватты құрайтын 153 жаңартылатын энергия көздерінің нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде өңірде жалпы қуаты 571,3 мегаватты құрайтын 22 нысан электр энергиясын өндіруде. Атап айтқанда, жиынтық қуаты 24,4 мегаваттық 6 су электр стансасы, 275,65 мегаваттық 10 жел электр стансасы және 271,25 мегаваттық 6 күн электр стансасы іске қосылған.