Қордайда мал шаруашылығы қарқын алды: «Қарлығаш» қожалығы өндіріс ауқымын кеңейтуде

Қордай ауданында ауыл шаруашылығы саласы жыл сайын дамып, жаңа серпін алып келеді. Өсімдік шаруашылығы мен бау-бақша өсірумен қатар, мал шаруашылығы бағытында да ауқымды жұмыстар жүзеге асуда. Соның нәтижесінде ірі қара өсіру және бордақылаумен айналысатын шаруашылықтардың саны артып келеді.

Солардың бірі – Қарасай ауылдық округінде орналасқан «Қарлығаш» шаруа қожалығы. Заманауи талаптарға сай жұмыс істеп отырған шаруашылықта бүгінгі таңда 200 бас ірі қара мал өсірілуде.

Шаруа қожалығының жетекшісі Бекзат Әлиев мал басын көбейту және ет өндірісін ұлғайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.