Елімізде «жасыл» энергия өндірісі артып келеді. Мәселен, 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері нысандарынан электр энергиясын өндіру көлемі 2,3 миллиард киловат сағатты құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға жоғары. 2026 жылға арналған болжам бойынша жаңартылатын энергия көздері өндірісі 8,8 миллиард киловат сағатқа деңгейінде күтілуде.
Энергетика министрлігінің айтуынша биыл жалпы қуаты 245 мегаватт болатын 10 жаңа жаңартылатын энергия көздері нысанын іске қосу жоспарланған. Оның ішінде 4 жел электр станциясы, 5 күн электр станциясы және 1 гидроэлектр станциясы бар. Соның ішінде Жамбыл облысында 2 электр стансасын орнату жоспарланған. Яғни, 2 гигеватт жел электр стансаларын Мойынқұм, Талас пен Сарысу аудандарында жүзеге асыру көзделіп отыр.
Жаңартылатын энергия көздері электр энергиясын өндіру құрылымындағы үлесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 7 пайызға жетті. Қазақстан бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 15 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Еліміз таза энергетика секторын дамытуға TotalEnergies, China Power, Masdar және China Energy сияқты белгілі халықаралық компаниялар тартылған. Жалпы ұзақ мерзімді перспективада 2035 жылға дейін елде жаңартылатын энергия көздері 8 ГВт-тан астам қуатын енгізу жоспарланып отыр. Бұл жобалар ұлттық энергетикалық жүйенің тұрақтылығын күшейтіп, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға және энергия теңгерімін әртараптандыруға мүмкіндік береді.