Әуежай терминалында жас музыканттар «Домбыра» күйін орындады

Астана әуежайындағы салтанатты қарсы алу рәсімі барысында жас музыканттар Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған үшін қазақтың ұлттық аспабы – домбырамен арнайы музыкалық композиция орындады.

Терминал ішінде шырқалған «Домбыра» композициясы қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен рухани мұрасын танытқан ерекше сәттердің біріне айналды.

Музыкалық қойылым мәртебелі мейман мен ресми делегация өкілдерінің ыстық ықыласына бөленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.