Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жылдан жылға күшейіп келе жатқанын атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жылдан жылға күшейіп келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Мемлекет басшысы 2023 жылы Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін Қазақстан бастамасымен Газиантеп провинциясы аумағында Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылғанын айтты.

Сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларында Маариф қоры мектептерін ашу жөнінде келісімге қол жеткізілгені белгілі болды.

Президенттің мәліметінше, қазіргі таңда 14 мыңға жуық қазақстандық студент Түркияда білім алып жатыр. Ал 260-қа жуық түрік студенті Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.