Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Форумның ашылу салтанатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров сөз сөйлеп, қоғамдағы ананың орны мен ұлт тәрбиесіндегі жауапкершілігіне ерекше тоқталды.
«Ана – тіршіліктің бастауы, мейірімнің шуағы, тәрбиенің алтын діңгегі. Қазақ халқы ежелден «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» деп, ананың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін айрықша бағалаған. Бүгінде саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы аналардың еңбегі өлшеусіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ананың қоғамдағы орнына әрдайым ерекше мән беріп келеді. Сондықтан бүгінгі форумның тағылымдық мәні зор деп есептеймін», – деді ол.
Сонымен қатар Нұржан Календеров биыл 15 наурызда өткен референдум ел болашағын айқындаған маңызды саяси қадам болғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы кезеңде жамбылдықтар ел дамуына қатысты маңызды мәселелер бойынша өз таңдауларын жасап, жоғары азаматтық белсенділік танытқан. Бұл ретте Аналар кеңестерінің де қоғамдық-саяси үдерістерге белсене араласқаны айтылды.