Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжат қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға, ұлттық әдебиетті қолдауға және елдің зияткерлік әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Жарлық аясында балалар мен жастар арасында кітап оқуды насихаттауға, кітапханалардың жұмысын дамытуға, кітаптардың қолжетімділігін арттыруға және оқудың заманауи форматтарын кеңінен енгізуге басымдық беріледі.
Сонымен қатар түрлі әдеби-ағартушылық жобалар мен мәдени іс-шараларды ұйымдастыру көзделіп отыр. Бұл бастамалар қоғамда оқу мәдениетін қалыптастырып, өскелең ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.