Инфрақұрылымдағы ілгерілеу: Жамбыл облысында өмір сапасы жақсарып келеді

Жамбыл облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй қорын жөндеу, елді мекендерді газдандыру және көше жарығын орнату бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл бастамалардың барлығы халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, қалалар мен ауылдардың инженерлік әлеуетін нығайтуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруге бағытталған.

Көше жарығы көбейіп, елді мекендер ажарлана түсті

Қазіргі таңда облыс аумағында 2501 көше жолдары жарықтандырылып, 62 802 жарық шамы орнатылған. Оның ішінде 50 948-і энергия үнемдейтін заманауи диодты шамдар болса, 11 854-і натрийлі ЖКУ шамдары.

Бұл жұмыстардың нәтижесінде елді мекендердің түнгі көрінісі жақсарып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігі де айтарлықтай артты. Әсіресе мектептер, ауруханалар, балабақшалар мен тұрғын үй аумақтарының жарықтандырылуы халыққа қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Табиғи газбен қамту деңгейі 91,8 пайызға жетті

Өңірді экологиялық таза отын – табиғи газбен қамтамасыз ету ісі де қарқынды жүргізілуде. 2024 жылы жалпы құны 10,5 миллиард теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылып, 3 елді мекен көгілдір отынға қосылды. Соның нәтижесінде облыстың газбен қамту деңгейі халық санына шаққанда 91,3 пайызға жетті

Leave A Reply

Your email address will not be published.