Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына тұсау болатын, елдің ертеңіне көлеңке түсіретін қауіпті құбылыс. Ол қоғамның барлық саласына дендепеніп, әділеттілік пен заң үстемдігіне селкеу түсіреді. Сондықтан жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттікоргандардың ғана емес, барша халықтың ортақ міндеті.
Тәуелсіз еліміз құқықтық мемлекет құру жолындасыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті басты бағыттардың бірі ретінде айқындап келеді. Өйткені адалдық салтанатқұрмаған жерде даму да, өркендеу де болмайды. Ел болашағының баянды болуы қоғамдағы әділдік пенсенімге тікелей байланысты. Ал сенімнің әлсіреуіне әкелетін ең үлкен кеселдің бірі – жемқорлық.
Қазақ халқы ежелден әділдік пен тазалықты ту еткен. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегенданалық сөз – халқымыздың әділетке деген көзқарасының айқын дәлелі. Ата-бабаларымыз адал еңбек пен ақ ниеттіжоғары бағалаған. Сондықтан пара алу мен пара берусекілді әрекеттер ұлттық болмысымызға жат ұғым болуытиіс.
Бүгінде мемлекет тарапынан жемқорлықтың алдыналу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Заң талаптары күшейтіліп, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен айқындығы артып келеді. Электронды қызмет көрсету жүйесінің дамуы да адам факторын азайтып, жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік беруде. Сонымен қатар жастар арасында адалдық құндылықтарын дәріптеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Алайда жемқорлықпен күресті тек жазалаушараларымен шектеу жеткіліксіз. Ең алдымен адамның сана-сезімі өзгеруі қажет. Әрбір азамат өзінің адалеңбегімен ғана табысқа жетуді өмірлік қағидасына айналдырғанда ғана қоғам тазарады. Себебіжемқорлықтың тамыры – жеңіл жолмен пайда табуға ұмтылу мен жауапкершіліктің төмендігінен бастау алады.
Әсіресе жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру маңызды. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. Сондықтан олардың бойына әділдік, парасаттылық, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру – баршамыздың міндетіміз. Отбасынан басталған адалдық тәрбиесі мектепте, жоғары оқу орындарында жалғасып, қоғамда кеңінен насихатталуы қажет.
Бұл ретте қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ең өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Басты мақсатымыз – сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу. Алайда нақты өзгеріске қол жеткізу үшін адалдық мәдениетін қалыптастыру қажет. Осы тұста «Адал азаматқа» деген қажеттілік алдымыздан шығады. Сайып келгенде, бәрі адамның ішкі мәдениетіне байланысты. Адалдық қағидатының біздің өміріміздің барлық саласына орнығуы ерекше маңызға ие екенін баса айтқан жөн.
Сыбайлас жемқорлық экономикаға да зор зиянын тигізеді. Инвестиция тартуға кедергі келтіріп, халықтың әл-ауқатының артуына тосқауыл болады. Әділ бәсекелестік бұзылып, еңбекпен жетістікке жетемін дегеназаматтардың жігері құмға айналады. Мұндай қоғамда сенім әлсіреп, даму қарқыны баяулайды. Сондықтан жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру – елдің тұрақты дамуының басты кепілі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларындаәділетті қоғам құру, заң мен тәртіп қағидатын нығайту мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Бұл – жемқорлықпен күрестің мемлекеттік деңгейдегі маңызды міндет екенін көрсетеді. Әділетті Қазақстан құру жолындаәрбір азамат заңға құрметпен қарап, қоғам алдындағы жауапкершілікті терең сезінуі қажет. Әділетті қоғам құрудың негізі – заңның үстемдігі. Ал, заң мен тәртіптұрақтылыққа кепіл болады. Мемлекет басшысы ұсынған «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын, түбегейлі өзгерістерге негізделген мемлекеттік бағдар. Бұл идея қоғамды демократияландыру, халықтың әл-ауқатын арттыру және құқықтық мемлекет қалыптастыру жолындағы стратегиялық реформалар кешенін қамтиды. Бұл дегеніміз – Қазақстанның жаңа саяси мәдениетке, әділеттілік пен теңдік қағидаттарына негізделген даму жолына түскенінің айғағы.
Бәрінен маңыздысы – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, келеңсізікке төзбестік таныту, салдарларын мейлінше шұғыл жою. Өйткені ол – ұлттың болашағына балта шабатын қауіпті індет. Онымен күресу – уақыт талабы. Адалдық пен әділдік үстемдік құрған қоғамда ғана елдің еңсесі биік, болашағы жарқын болады. Сондықтан әрбіразамат жемқорлыққа қарсы тұрып, заң талаптарынқұрметтеп, қоғам тазалығы жолында өз үлесін қосуға тиіс. Сонда ғана біз өркениетті, дамыған әрі әділетті мемлекетқұра аламыз.
Ерлан Қыдыралыұлы,
Жамбыл ауданының әкімі