Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өңірдегі эпизоотиялық ахуал бойынша кеңес өтті.
Ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаевтың мәліметінше, аймақты ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарға сай жүйелі түрде жүргізілуде. 2026 жылға 16,3 млн вакцинация және 5,3 млн диагностикалық манипуляция өткізу көзделген.
Жыл басынан бері 5,9 млн вакцинация мен 1,7 млн диагностикалық зерттеу жүргізілді.
Қазіргі таңда облыс аумағында жануарлар арасында аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелмеген. Эпизоотиялық ахуал тұрақты әрі күнделікті бақылауда.
Бүгінде АШЖБ дерекқорында 4 574 230 бас ауыл шаруашылығы жануары тіркелген. Биыл облыс бойынша 1 327 694 бас төлді бірдейлендіріп, дерекқорға енгізу жоспары бекітілсе, бүгінгі күнге дейін оның 810 589 басы бірдейлендірілді.