Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын, оның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте жауапты болады. Үкіметсіз мемлекет болмайды, сол себепті жаңа Премьер-Министрді шұғыл тағайындау және Үкімет құрамын бекіту қажеттілігі туындады. Бұл ретте еліміздің жоғары басшылығы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі өздерінің конституциялық міндеттерін халық мүддесі үшін нақты және үйлесімді орындады.
Әлихан Смайыловтың еліміздің Премьер-Министрі болып тағайындалуы негізгі шешім. Оның мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар, мемлекеттік органдарда айтарлықтай сенім ресурсы бар саяси қайраткер. Дәл осындай адам қазір мемлекет пен қоғамға қажет.