Қазақ руханиятының абызына құрмет: Ақтоғайда Илья Жақановтың музей үйі ашылды

Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Ақтоғай ауылында қазақ руханияты үшін айрықша маңызы бар тарихи оқиға өтті. Ауылда көрнекті жазушы, композитор, музыка зерттеушісі, Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақановқа арналған шығармашылық музей үйі салтанатты түрде ашылды.

Тағылымды шараға аудан басшылығы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында ҚР Мәжіліс депутаты әрі «Илья Жақанов» қорының президенті Ерболат Саурықов сөз сөйлеп, ұлттық руханиятқа қызмет еткен тұлғаның мұрасын ұлықтаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, музейдің ашылуына қолдау көрсеткен азаматтарға арнайы марапаттар табысталды.

Илья Жақанов – қазақ мәдениеті мен өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар бірегей тұлға. Ол 1936 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданының Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Саналы ғұмырын қазақ ән өнерін, әдебиетін және ұлттық мәдениетті зерттеуге арнаған қаламгердің шығармашылық әлемі аса кең. Ол – белгілі жазушы, дарынды композитор, аудармашы, публицист әрі өнер зерттеушісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.