Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова қатысып, әлеуметтік саладағы цифрландыру үдерісі – уақыт талабы екенін жеткізді. Ол өз сөзінде аталған платформаны тиімді пайдалану арқылы халықпен кері байланысты нығайтып, әлеуметтік көмекті нақты қажеттілікке сай бағыттауға және жұмыстың нәтижелілігін арттыруға болатынын айтты.
Ал Отбасын қолдау орталығының директоры Эльвира Көшкінбаева платформаның тетіктері мен жұмыс істеу қағидаттарына тоқталып өтті.
– Платформада әрбір отбасыға жеке «әлеуметтік карта» қалыптастырылады. Бұл картада отбасының әлеуметтік мәртебесі, тұрмыстық жағдайы, табыс көздері, жұмыссыздық деңгейі, денсаулық жағдайы және өзге де маңызды көрсеткіштер қамтылады. Осы мәліметтер негізінде жүйе автоматты түрде талдау жүргізіп, отбасының әлеуметтік тәуекел деңгейін айқындайды. Нәтижесінде қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарды ерте кезеңде анықталып, тиісті мемлекеттік органдар тарапынан қажетті қолдау шараларын жедел ұйымдастыруға жол ашылады.
Қосымшасының тағы бір маңызды артықшылығы – көрсетілетін қызметтердің толық тарихын тіркеу мүмкіндігі. Яғни, әрбір отбасы бойынша жүргізілген жұмыстар кезең-кезеңімен жүйеде сақталып, мамандарға нақты шешім қабылдауға негіз болады. Сонымен қатар, платформа есептілік жүргізу, мәліметтерді жаңарту және талдамалық есептер қалыптастыру үдерістерін автоматтандырып, адами фактордың ықпалын азайтады. Жүйе ведомствоаралық байланысты нығайтуда да айрықша рөл атқарады. Білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және құқық қорғау салаларының мамандары бір ортақ ақпараттық алаңда жұмыс істей отырып, өзара жедел мәлімет алмаса алады. Бұл әрбір отбасының мәселесін кешенді қарастыруға және нақты нәтижеге бағытталған шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, – деген ол, платформа арқылы әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігі арқасында әрбір азаматтың жағдайы дер кезінде зерделеніп, жүйелі түрде шешімін табуына жол ашылатынын атап өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға қосымшадағы отбасы картасын қалыптастыру, әлеуметтік мәртебесін айқындау, қызмет көрсету тарихын енгізу, мониторинг жүргізу және әрбір жағдай бойынша атқарылған жұмыстарды бақылау тетіктері көрсетілді. Мамандар практикалық тұрғыда жұмыс істеу алгоритмдерін меңгеріп, нақты мысалдар негізінде деректерді енгізу, талдау жасау және шешім қабылдау жолдарын тәжірибе жүзінде пысықтады.
Жиын барысында сала өкілдері өзара пікір алмасып, күнделікті қызмет барысында кездесетін өзекті мәселелерді талқылады. Ортақ талқылау нәтижесінде ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалану арқылы жұмысты жетілдірудің және ведомствоаралық байланысты күшейтудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Кездесу қорытындысында қатысушылар бірлескен жұмысты жандандыру, ақпарат алмасу үдерісін жетілдіру және осындай оқыту-тәжірибелік іс-шараларды тұрақты түрде өткізу жөнінде ортақ келісімге келді.