Жамбыл ауданында командалық көкпардан аудандық турнир өтті

Жамбыл ауданы аумағындағы Аса ауылдық округінің тұрғындары арасында ұлттық спортты насихаттауға бағытталған командалық көкпардан аудандық турнир ұйымдастырылды.

Дүбірлі дода Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен өтті. Турнирге ауданның түрлі командалары қатысып, ұлттық спорттағы шеберліктерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

І орынды «Ардагерлер» командасы жеңіп алды;

ІІ орын 1989-1998 жылғылар командасына бұйырды;

ІІІ орынды «Аса жастары» командасы иеленді.

Турнир барысында қатысушылар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, көкпардың ұлттық рух пен бірлікті нығайтатын спорт түрі екенін дәлелдеді.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, кубок және медальдармен марапатталды. Сондай-ақ үздік ойыншыларға арнайы мүсіншелер мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Аудан көлемінде ұйымдастырылып жатқан мұндай спорттық шаралар жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, ұлттық спорт түрлерін кеңінен дәріптеуге ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.