Жеке тұрғын үй құрылысына жеручаскелерін беру мәселелері

Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін беру мәселесі азаматтар жиі көтеретін өзекті құқықтық мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, азаматтар жеке тұрғын үй салу үшін тегін жеручаскесін алуға құқылы. Алайда жер учаскелерікезек тәртібімен және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым дайын болғанжағдайда ғана беріледі.

Тәжірибеде азаматтарды жер кезегіне қоюданбас тарту, өтініштердің ұзақ қаралуы, кезекжүргізудің ашықтығына қатысты даулар жиікездеседі. Мұндай даулар ҚазақстанРеспубликасының Әкімшілік рәсімдік-процестіккодексі тәртібімен әкімшілік соттарда қаралады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілікрәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес, мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдерініңзаңдылығы мен негізділігін дәлелдеуге міндетті. Әкімшілік орган азаматтардың өтініштерін қараукезінде заңдылық, әділдік және ашықтыққағидаттарын сақтауы тиіс.

Әкімшілік соттардың басты міндетіазаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықтықамтамасыз ету және қоғамдағы құқықтық сенімдінығайту.

Жер қатынастары саласында заң талаптарын сақтаумен әкімшілік рәсімдердің ашықтығыазаматтардың құқықтарын тиімді қорғаудыңмаңызды кепілі болып табылады.

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы З.А.Габоева

Leave A Reply

Your email address will not be published.