ЭСот жүйесінің басты міндеттерінің бірі — азаматтардың сот төрелігіне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету. Осыған байланысты сот ғимараттарының қолжетімділігі ерекше маңызға ие.
Бүгінде соттарда азаматтарға қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылуда. Атап айтқанда, ғимараттарға кіріп-шығу мүмкіндігін жеңілдету, күту аймақтарын ұйымдастыру, ақпараттық навигацияны жетілдіру және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.
Сот ғимараттарының қолжетімділігі тек физикалық қолжетімділікпен шектелмейді. Азаматтардың қажетті ақпаратты уақытылы алуы, сот процестеріне қатысу тәртібін түсінуі және электрондық сервистерді пайдалану мүмкіндігі де маңызды.
Қазіргі таңда сот жүйесінде цифрлық технологиялар кеңінен енгізіліп, талап қою арыздарын электронды түрде жолдау, сот актілерін онлайн алу және сот отырыстарына қашықтан қатысу мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеп, сотқа жүгіну рәсімін жеңілдетуге ықпал етеді.
Соттардың ашықтығы мен қолжетімділігі — қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттырудың маңызды тетіктерінің бірі. Сондықтан азаматтарға қолайлы жағдай жасау және сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің аға сот приставы Е.Айазбек