Сарысу ауданында «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-ның күкірт қышқылын өндіретін зауытын іске қосу рәсімі өтті

Сарысу ауданында «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-ның күкірт қышқылын өндіретін зауытын іске қосу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қатысты, деп хабарлайды baq-orda.kz Жамбыл облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіруге қауқарлы жаңа өндіріс орны – «ЕвроХим» компаниясының заманауи химия кешенін салуға бағытталған ауқымды инвестициялық жобасының бір бөлігі. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 1 миллиард АҚШ долларына дейін жетеді.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген өңір басшысы өңдеуші өнеркәсіпті дамыту ел экономикасындағы негізгі басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қазіргі кезеңдегі ең маңызды міндеттердің бірі – елдің берік өнеркәсіптік негізін қалыптастырып, экономикалық дербестікті нығайту екенін айтқан болатын. Сондықтан өңдеуші секторды жедел дамытуға айрықша мән беру қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.