Жамбыл облысы туризмді дамытуға қолайлы өңірлердің бірі саналады.


Жамбыл облысы туризмді дамытуға қолайлы өңірлердің бірі саналады. Табиғатының әсемдігі, жұмсақ климаты, тарихи мұралары мен ерекше ландшафтары бұл аймаққа саяхатшылардың қызығушылығын арттыруда. Облыс аумағында шөлейтті алқаптар, таулы шатқалдар, альпілік шалғындар мен сирек кездесетін өсімдіктер қатар орналасқан. Әлемде тек осы өңірде өсетін Грейг, Кауфман, Колпаковский қызғалдағы сияқты эндемик өсімдіктер табиғаттың ерекше байлығын көрсетеді.

Өңірде табиғатты қорғау мақсатында 10 ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылған. Сонымен қатар Қаратау жотасында геопарк ашу жоспарланып отыр. Бұл жоба геологиялық мұраларды таныстыруға және экотуризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы тарихи-мәдени туризм бағытында да үлкен әлеуетке ие. Өңірде 3510 тарихи ескерткіш бар. Ұлы Жібек жолындағы Баласағұн, Құлан, Өрнек, Қостөбе қалашықтары мен Ақыртас сарай кешені ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.