Жамбыл облысының прокуроры Берік Әбіловтың төрағалығымен және облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

 

Кеңес отырысына құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл, жоғары және орта білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ облыстағы барлық мектеп директорлары қатысты.

Отырыс барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, суицидтің және буллингтің профилактикасы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізу арқылы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.