Жамбыл облысында 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы аясында ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады

 

Бағдарлама білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қауіпсіздік, мәдениет және спорт салаларын қамтиды. Жалпы қаржыландыру көлемі 10 миллиард теңгеден асады.

Жоба білім басқармасымен қатар барлық құзырлы органдардың бірлескен жұмысы арқылы іске асырылады.

Бағдарламаның ең ірі қаржыландыру көлемі білім беру саласына бағытталған. 2026–2030 жылдары бұл салаға жалпы 3,9 миллиард теңге бөлу жоспарланған.

Оның ішінде:

2026 жылы – 755,6 млн теңге;

2027 жылы – 466,1 млн теңге;

2028 жылы – 986,5 млн теңге;

2029 жылы – 932,8 млн теңге;

2030 жылы – 843,9 млн теңге қарастырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.