Айтулы мерекеге облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.
Алғашқы күні «Мойынқұм ауданының даму жолы және Жазылбек Қуанышбаев мұрасы» атты тарихи-танымдық конференция өтті. Конференция барысында ауданның қалыптасу кезеңдері, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму тарихы және еңбек адамдарының ел өркендеуіне қосқан үлесі жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ баяндамаларда Жазылбек Қуанышбаевтың мал шаруашылығы саласындағы озық тәжірибесі мен өнегелі еңбек жолының бүгінгі қоғам үшін маңыздылығы кеңінен сөз болды.