Жамбыл облысы климаттық жағдайлары, топырақ жамылғысы мен өсімдік әлемінің ерекшеліктері жағынан мал шаруашылығын дамытуға қолайлы өңірлердің бірі саналады. Қажетті ресурстарды тартып, заманауи ғылыми жетістіктерді тиімді пайдалану арқылы бұл сала айтарлықтай экономикалық нәтиже беріп, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

 

Бірнеше жыл бұрын облыс әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиелеуге арналған «Jambyl Business» бағдарламасын әзірлеген болатын. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл кәсіпкерлеріне де қаржылай қолдау көрсетілуде.

Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2026 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша өңірдегі мал басы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда артқан. Атап айтқанда, ірі қара мал саны 490,3 мың басқа, қой саны 3 467,1 мың басқа, жылқы 209,7 мың басқа, түйе 9,1 мың басқа, құс саны 2 198 мың басқа жетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.