Форум Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, көпшілік назарына университеттің қалыптасу жолы мен жетістіктерін қамтыған арнайы бейнеролик ұсынылды. Онда оқу орнының сан мыңдаған білікті маман даярлап, ел дамуына елеулі үлес қосқан білім ордасы ретіндегі тарихи миссиясы кеңінен көрініс тапты.
Жиында сөз сөйлеген Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев университеттің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.