2026 жылдың бес айында мемлекеттік бюджеттің кірісі жоспардан асып түсті
Биыл қаңтар-мамыр аралығында мемлекеттік бюджеттің кірісі жоспардағы көрсеткіштен артығымен орындалды. Бюджетке 11,4 трлн теңгеден астам қаражат түсіп, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 16% көп. Аталған көрсеткіш экономикалық белсенділіктің орнықты серпіні мен бюджет түсімдерінің өсімін байқатып отыр.
Республикалық бюджеттің кірісі 100,9%орындалды. Жоспар бойынша 7,34 трлн теңгекөзделгенімен нақты түсімдер 7,41 трлн теңгеге артқан. Бұл жоспарланған межеден 66,7 млрд теңгеге жоғары екенін айғақтайды.
Республикалық бюджет кірісінің өсім қарқыны былтырға қарағанда 25,1%немесе 1,48 трлн теңгеге көп.
Жедел деректерге сүйенсек, жергілікті бюджеттердің кірісі 4,05 трлн теңгеге ұлғайған. 2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығындағы кезеңмен салыстырғанда жергілікті бюджеттердің түсімі 95,1 млрд теңгеге немесе 2,4% өскен.
Республикалық бюджеттің кірістер құрылымында (трансферттерсіз) 97,7% салық түсімдеріне тиесілі. Соған сәйкес жоспар 100,5% орындалып, өсім 30,6% аса ұлғайтылды. Айтарлықтай өсім қосылған құн салығы, корпоративті табыс салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығы және шикі мұнайға экспорттық кедендік баж есебінен қамтамасыз етілді.
Әлемдік шикізат нарықтарындағы қолайлы бағаконъюнктурасы, экономиканың өсімі, іскерлік белсенділік пен салық реформасы кірістердің артуына негізгі фактор болды.
Мемлекеттік бюджет даму бюджетінің мәртебесін сақтап отыр. Ұзақмерзімді экономикалық өсім мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға негіз болатын инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға баса мән берілген.