Байзақ ауданында аудан әкімі Олжас Баққараевтың дарынды оқушылармен «OPEN TALK» атты еркін форматтағы кездесуі өтті. Тағылымды шара Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында ұйымдастырылды
Кездесудің мақсаты – жастардың ой-өрісін кеңейту, олардың бастамалары мен тың идеяларын қолдау, білім мен шығармашылыққа қызығушылығын арттыру және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Жиын барысында аудан әкімі оқушылармен ашық пікір алмасып, білім мен еңбектің табысқа жетудегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ жастарды биік мақсат қоя білуге, үздіксіз ізденуге және ауданның дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.
Іс-шара аясында «1 минут – 1 идея» бөлімі ұйымдастырылып, оқушылар өз жобаларын таныстырды. №1 мектеп-гимназиясының оқушысы гидропоника әдісі арқылы өсімдіктерді топырақсыз өсіру жобасын ұсынып, ауыл шаруашылығындағы заманауи технологиялардың тиімділігіне тоқталды.