Гродиково ауылдық округінде Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Гродиково ауылдық округінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдерге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар дартс, шахмат және дойбы ойындарында бақ сынап, өздерінің зеректігі мен ептілігін көрсетті. Балалар түрлі сайыстарға белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсерге бөленді.

Мерекелік кездесу достық пен сыйластыққа толы атмосферада өтіп, әрбір қатысушының қабілетін дамытуға және бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік жасады. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері іс-шараның басты нәтижесіне айналды.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Мұндай игі бастамалар балалардың қоғамға бейімделуіне, өзіне деген сенімін арттыруға және жан-жақты дамуына оң ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.