Ақбұлым ауылдық округіндегі мобильдік топты ауыл әкімі Ердос Бейсенов бастап, дүкен иелеріне маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын негіссіз өсірмеу, төтенше жағдай кезінде спирттік өнімдер сатылмауы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен зерделеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Бағаны негізсіз өсіруге жол берілмейді, — дейді ауыл әкімі.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі