Астанада 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Экологтар күніне орай Қ.Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда «ЭкоJas» жобасы барысында жазғы лагерь оқушыларының қатысуымен «Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндет» тақырыбында экологиялық зерттеу жұмысының таныстырылымы өтті. Іс-шара «Эколог сағаты» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Аталған іс-шарада экологтар, педагогтер және жазғы профильді лагерьдің қатысушылары бас қосты. Олар қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзара пікір алмасты.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аударту, қалдықты қайта өңдеу мен тиімді пайдаланудың маңыздылығын түсіндіру және табиғатты сақтауға деген жауапкершілікті арттыру.