Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, сондай-ақ Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне орай мәдениет, спорт, білім беру салаларының өкілдері, жастар және жастар ұйымдары «Өзіңнен баста!» челленджіне қатысты.
Челлендждің негізгі мақсаты – қоршаған ортаға құрметпен қарауды насихаттау және экология мәселелеріне қоғам назарын аударту.
Қатысушылар әлеуметтік желідегі парақшаларында халыққа үндеу жолдап, әр азаматты қоршаған ортаны таза ұстауға және табиғатты аялауға өз үлесін қосуға шақырды.
«Мен экологияны және «Өзіңнен баста» экологиялық челленджін қолдаймын. Өзімнен бастаймын және әр адамды табиғи ресурстарға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырамын!» — деді «Жер амбассадорлары» жастар қозғалысының өкілі.