Жамбыл облысында қазақстандық ғылымды насихаттау, отандық ғалымдардың ғылыми мұрасын дәріптеу жалғасуда

Жамбыл облысында қазақстандық ғылымды насихаттау, отандық ғалымдардың ғылыми мұрасын дәріптеу, жас зерттеушілерді қолдау және жоғары білім беру жүйесіндегі ғылыми әлеуетті арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта өңірлік жоғары оқу орындарында ғылым мен білімнің сабақтастығын қамтамасыз етуге, ғылыми мектептерді дамытуға және жас ғалымдардың зерттеу қызметіне қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінуде.

Осы орайда М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде көрнекті ғалым, педагогика ғылымдарының дамуына өлшеусіз үлес қосқан академик Оңғарбай Сәлімбайұлының есімімен аталатын ғылыми-зерттеу орталығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен білім саласының мамандары қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.