Жамбыл облысында қазақстандық ғылымды дамыту және насихаттау, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін дәріптеу жұмыстары жүргізілуде

Жамбыл облысында қазақстандық ғылымды дамыту және насихаттау, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін дәріптеу, жас ғалымдар мен зерттеушілерді қолдау, жоғары білім беру сапасын арттыру және жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы міндеттерді іске асыруда халықаралық серіктестікке негізделген білім беру және ғылыми жобалардың маңызы ерекше.

Осы орайда Тараз қаласындағы Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті филиалында Қамқоршылық кеңестің II отырысы өтті. Басқосуға университет басшылығы, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева, индустриялық серіктестер, мемлекеттік органдардың өкілдері, білім және ғылым саласының мамандары қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.