Шу қаласында жол, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық көлік және абаттандыру бағыттарында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Елдос Нұралиев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Биыл қала бюджеті 1 млрд 456 млн теңгені құрады. Соңғы үш жылда қаланың өзіндік кірісі екі есеге жуық өсіп, жергілікті бюджеттің қаржылық мүмкіндігі артқан.
Қалада жалпы ұзындығы 204,2 шақырым болатын 313 көше бар. Соңғы екі жылда 44 көшеге асфальт төсеу жұмыстары басталып, оның 28-і толық аяқталды. Нәтижесінде асфальтталған көшелердің үлесі 71 пайызға жетті. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолдарын салу және көшелерді ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда.