Қазіргі әлемде өңірлердің дамуы табиғи ресурстардың көлемімен немесе өндірістік әлеуетімен ғана өлшенбейді. Жаһандық бәсекелестік дәуірінде экономикалық табыстың, әлеуметтік тұрақтылықтың және инновациялық серпілістің басты факторы ретінде адами капитал алдыңғы орынға шықты. Сондықтан кез келген аймақтың ұзақ мерзімді дамуы ең алдымен білім беру жүйесінің сапасына, ғылыми әлеуетіне және интеллектуалдық мүмкіндіктеріне байланысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Бұл үрдіс Қазақстан өңірлері үшін де ерекше маңызға ие. Әсіресе тарихи тамыры терең, экономикалық әлеуеті жоғары Жамбыл облысы үшін білім мен ғылым мәселесі тек әлеуметтік саланың міндеті емес, өңірдің болашақ даму бағытын айқындайтын стратегиялық факторға айналып отыр.
Соңғы жылдары Жамбыл облысында білім беру жүйесін жаңғыртуға, жастардың сапалы білім алуына және ғылыми қызметті дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.