Жамбыл облысында байланыс және цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Жамбыл облысында байланыс және цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Негізгі мақсат – тұрғындарды сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету, интернет қолжетімділігін арттыру және цифрлық технологияларды кеңінен енгізу арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету.

Қазіргі таңда облыстағы 353 елді мекеннің 265-і немесе 75,1 пайызы 4G мобильді интернетімен қамтылған. Ал 48 елді мекенде 3G, 40 ауылда 2G байланысы жұмыс істейді.

Талшықты-оптикалық байланыс желісі бойынша да жұмыстар жалғасуда. Бүгінде облыстағы 357 елді мекеннің 189-ы немесе 50,9 пайызы талшықты интернетке қосылған. Қалған 168 елді мекенді кезең-кезеңімен қамту жоспарланып отыр.

Жамбыл облысы әкімдігі мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп бекіткен 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасы аясында интернет сапасын жақсарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.