Індеттен құтылудың жалғыз жолы – вакцина қабылдау

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, сақтық шараларын қатаң сақтап, баршаңызды ерікті түрде вакцина салдыруға шақырамын. Жағдай қайта өршіп келеді. Елімізде өткен тәулікте 9122 адамнан коронавирус белгілері анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы наурызға дейін еуропа халқының жартысынан астамына коронавирустың омикрон штаммы жұғуы мүмкін деген болжам жасады. Естеріңізде болса, омикрон елімізде де анықталып отыр. Соған байланысты қазіргі таңда ел бойынша коронавирус індетінен сақтану шаралары күшейтіліп жатыр. Саулық – сақтықта. Жақындарымызға жанашыр болайық. Бұл күрделі заманнның иірімінен шығудың жалғыз жолы бар, ол – вакцина қабылдау.

Қазір жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға салынып жатқан вакцина тек өзін ғана емес, нәрестені де коронавирус індетінен сақтайды

 

Алтай Сауруков,

Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері

Leave A Reply

Your email address will not be published.