Жамбыл облысы Жамбыл ауданының орталығы – Аса ауылында 120 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, ұзақ жылдар бойы кезекте тұрған отбасылар қоныс тойын тойлайлы
Жаңа баспаналардың кілтін табыстау рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев және Отбасы банк басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова қатысып, қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтады.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүзеге асып жатқанын атап өтті.
– Ел Президенті азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мен олардың өмір сүру сапасын арттыру мәселесін мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді.