Ұзақ жылдар бойы Қазақстанда ғылым туралы түсінік тар аяда қалыптасты

Ұзақ жылдар бойы Қазақстанда ғылым туралы түсінік тар аяда қалыптасты. Көпшілік ғылымды университет қабырғасындағы зертханалармен, ғылыми конференциялармен және күрделі терминдермен байланыстырып келді. Соның салдарынан қарапайым тұрғындар ғылымды күнделікті өмірден алыс, тек ғалымдарға ғана қажет сала ретінде қабылдады. Алайда қазіргі әлемдік тәжірибе мүлде басқа шындықты көрсетіп отыр. Бүгінде ғылым елдердің ғана емес, өңірлердің де бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын негізгі факторға айналды. Осы тұрғыдан алғанда Жамбыл облысы үшін ғылымды жаңа деңгейге көтеру мәселесі бұрынғыдан да маңызды бола түсті.

Өңірдің әлеуеті туралы көп айтылады. Географиялық орналасуы, табиғи ресурстары, ауыл шаруашылығының мүмкіндіктері, өнеркәсіптік кәсіпорындардың болуы – мұның барлығы Жамбыл облысының дамуына үлкен мүмкіндік береді. Бірақ әлеует пен нақты нәтиже әрқашан бірдей ұғым емес. Себебі кез келген өңірдің тұрақты дамуы үшін табиғи ресурстардан бөлек, интеллектуалдық ресурс қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.