Тараз қаласының көркін арттырып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында қала аумағындағы гүлзарларды күтіп-баптау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Атап айтқанда, шаһар көшелері мен саябақтарында егілген маусымдық гүлдер күнделікті суғарылып, олардың жайқалып өсуіне қажетті күтім көрсетілуде. Сонымен қатар, жасыл аймақтарды таза ұстау, қураған гүлдерді ретке келтіру және гүлзарлардың эстетикалық келбетін сақтау жұмыстары да назардан тыс қалмайды.
Бұл жұмыстар қаланың санитарлық тазалығын сақтап қана қоймай, Тараздың ажарын айшықтап, тұрғындар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бағытталған.