«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында «Қоғам сақшысы» жобасы аясында түнгі рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында заңсыз жүруінің алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зиянды әрі тыйым салынған заттарды қолдану фактілеріне жол бермеу.

Рейд барысында жасөспірімдер арасында құқықтық тәрбие жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейтуге ерекше назар аударылуда.

Алдағы уақытта да жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы рейдтік шаралар өз жалғасын табатын болады.
#Заңжәнетәртіп
#Законипорядок
#Жамбылоблысы
#Жамбылскаяобласть

Leave A Reply

Your email address will not be published.